1 сағат бұрын
Қазақстандық балуан Өзбекстан өкіліне есе жіберіп, әлем чемпионатында жүлдесіз қалды
Қазақстан құрамасының өкілі Динара Дауылқызы Братиславада (Словакия) өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы күрестен әлем чемпионатында қола медаль үшін белдесті, деп хабарлайды Sport12.kz.
53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық балуан Өзбекстан өкілі Сақибжамал Есбосыновамен кездесті. Белдесу қарсыласының айқын басымдығымен өтіп, өзбекстандық спортшы 12:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Динара Дауылқызы әлем чемпионатында бесінші орын иеленіп, жүлдесіз қалды.
Бұған дейін қазақстандық спортшы жұбаныш кезеңінде Қырғызстан өкілі Эльмира Карабалаеваны жеңіп, қола медаль үшін белдесуге мүмкіндік алған еді.
Еске салайық, бір күн бұрын грек-рим күресінен өткен әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына Қазыбек Қалмағамбетов алтын медаль салған болатын.
Біздің серіктес: Sport12kz