Матч орталығы
КХЛ Хоккей Авангард Авангард 2:1 Пенальтиден соң Трактор Трактор Ла Лига Футбол Осасуна Осасуна 2:0 Аяқталды Расинг Расинг Челленджер Флоренция Теннис Дмитрий Попко Дмитрий Попко 2:1 Аяқталды Даниэле Рапагнетта Даниэле Рапагнетта Лига 1 Футбол Анже Анже 2:5 Аяқталды Марсель Марсель А сериясы Футбол Фиорентина Фиорентина 1:3 Аяқталды Комо Комо Премьер-лига Футбол Лидс Лидс 1:1 Аяқталды Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед Премьер-лига Футбол Брайтон Брайтон 5:0 Аяқталды Кристал Пэлас Кристал Пэлас Премьер-лига Футбол Борнмут Борнмут 2:0 Аяқталды Сандерленд Сандерленд Премьер-Лига Футбол Қайрат Қайрат 5:0 Аяқталды Ертіс Ертіс Премьер-лига Футбол Динамо Динамо 3:1 Аяқталды ЦСКА ЦСКА Бундеслига Футбол Байер Байер 2:1 Аяқталды Фрайбург Фрайбург Премьер-лига Футбол Селтик Селтик 7:1 Аяқталды Хартс Хартс Премьер-Лига Футбол Астана Астана 2:2 Аяқталды Каспий Каспий Ла Лига Футбол Сельта Сельта 2:1 Аяқталды Алавес Алавес Эредивизи Футбол Гронинген Гронинген 2:5 Аяқталды Аякс Аякс Лига 1 Футбол Гавр Гавр 1:3 Аяқталды Осер Осер Лига 1 Футбол Лорьян Лорьян 1:0 Аяқталды Монако Монако Лига 1 Футбол Париж Париж 4:3 Аяқталды Ренн Ренн Бундеслига Футбол Боруссия Боруссия 1:2 Аяқталды Хоффенхайм Хоффенхайм Премьер-лига Футбол Ноттингем Форест Ноттингем Форест 0:1 Аяқталды Арсенал Арсенал

14.05.2026

MEGOGO аудиоконтент бөлімінің қайта оралғанын хабарлады

MEGOGO аудиоконтент бөлімінің қайта оралғанын хабарлады

MEGOGO халықаралық стриминг сервисі платформаға аудиокітаптар бөлімінің оралғанын жариялады. Енді пайдаланушыларға 500-ден астам аудиокітап пен ондаған подкаст қолжетімді. Кітапхана қорында әлем әдебиетінің классикалық туындылары да, нон-фикшн жанрындағы еңбектер де бар.

Қолжетімді аудиокітаптардың қатарында «Кішкентай ханзада», «Дориан Грейдің портреті», «Ромео мен Джульетта», «Граф Монте-Кристо» сияқты танымал шығармалар бар.

Аудио бағытын түрлі жанрдағы подкастар да, лайфстайл мен бизнестен бастап, мәдениет пен технологияға дейін, толықтырып тұр Олардың ішінде «Замандас подкаст», «Quraq Podcast», «Ханкаст» және өзге де жобалар бар.

Аудиоформат пайдаланушыларға кітапты кез келген ыңғайлы уақытта — жолда, жаттығу кезінде немесе күнделікті шаруалармен айналысып жүріп тыңдауға мүмкіндік береді.

«Біз аудиоформатқа деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көріп отырмыз — бұл контент тұтынудың ыңғайлы әрі табиғи тәсілі. Аудиокітаптардың оралуы — MEGOGO-ны пайдаланушы тек көріп қана қоймай, тыңдай да алатын мультиформатты платформа ретінде дамыту жолындағы тағы бір қадам», — деп атап өтті MEGOGO Қазақстанның бас директоры (CEO) Нұрлан Чукубаев.

Болашақта MEGOGO кітапхана қорын кеңейтуді және аудиоконтентті қазақ тіліне локализациялауды жоспарлап отыр. Бұл еліміздегі қалың оқырман қауым үшін сапалы кітаптардың қолжетімділігін арттыра түспек.

«Қазақ тіліндегі контентті дамыту біз үшін басым бағыт болып қала береді. Біз аудиокітаптарды білім мен әдебиетті жергілікті аудиторияға жақындата түсетін маңызды бағыт ретінде қарастырамыз», — деп толықтырды Чукубаев.

Аудиокітаптар MEGOGO мобильді қолданбасында жазылым бойынша қолжетімді және сервистің бірыңғай экожүйесіне біріктірілген.

MEGOGO сонымен қатар аудиоконтент жасаушы авторлармен және студиялармен ынтымақтастық орнатуға дайын. Сервис командасы подкаст бағыты бойынша серіктестік орнату мүмкіндіктерін қарастырып, қызығушылық танытқан креаторларды шақырады.




Біздің серіктес: Sport12kz