Матч орталығы
Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Барселона Барселона 2:1 54 Аль-Ахли Аль-Ахли Чемпиондар лигасы Футбол НЕК НЕК 0:0 23 Буде Глимт Буде Глимт Чемпиондар лигасы Футбол Селтик Селтик 0:0 23 ЛАСК ЛАСК Чемпиондар лигасы Футбол Хапоэль Хапоэль 0:1 23 Сабах Сабах Чемпиондар лигасы Футбол Слован Слован 1:0 23 Целе Целе Ла Лига Футбол Атлетико Атлетико 0:0 15 Малага Малага Еуропа лигасы Футбол Қайрат Қайрат 20:00 Бүгін Андерлехт Андерлехт Еуропа лигасы Футбол Мьельбю Мьельбю 21:00 Бүгін Зальцбург Зальцбург Конференциялар лигасы Футбол Интер Интер 21:00 Бүгін Копенгаген Копенгаген Еуропа лигасы Футбол Эгнатия Эгнатия 22:00 Бүгін Лиллестрем Лиллестрем Еуропа лигасы Футбол Трабзонспор Трабзонспор 22:00 Бүгін Ференцварош Ференцварош Конференциялар лигасы Футбол Клаксвик Клаксвик 22:00 Бүгін Рига Рига Конференциялар лигасы Футбол Нордшелланд Нордшелланд 22:00 Бүгін Санкт Галлен Санкт Галлен Конференциялар лигасы Футбол Тромсе Тромсе 22:00 Бүгін Брайтон Брайтон Конференциялар лигасы Футбол Мидтьюлланд Мидтьюлланд 22:00 Бүгін Риека Риека Еуропа лигасы Футбол Бешикташ Бешикташ 22:00 Бүгін Кауно Кауно Еуропа лигасы Футбол Крайова Крайова 22:00 Бүгін Арарат Арарат Еуропа лигасы Футбол Лех Лех 22:00 Бүгін Тун Тун Конференциялар лигасы Футбол ПАОК ПАОК 22:45 Бүгін Бранн Бранн Конференциялар лигасы Футбол Дрита Дрита 23:00 Бүгін Интер Эскальдес Интер Эскальдес

5 сағат бұрын

Қазақ күресінің ардагері Таңат Сағындықов өмірден озды

Қазақ күресінің ардагері Таңат Сағындықов өмірден озды

Қазақ күресінің ардагері, белгілі бапкер Таңат Сағындықов өмірден озды. Қаралы хабарды Қазақстан күрес федерациясы жеткізді.

Таңат Өмірзақұлы — КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, грек-рим күресінің ардагері. Ол саналы ғұмырын отандық күрестің дамуына арнап, талай балуанның үлкен спортқа қадам басуына ықпал етті.

Білікті маман әр жылдары ұлттық құраманы басқарып, жас спортшыларды жарыстарға дайындады. Оның шәкірттері ел намысын халықаралық додаларда қорғап, күрес мектебінің қалыптасуына үлес қосты.

Қазақстан күрес федерациясы марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтып, Таңат Сағындықовтың отандық күреске сіңірген еңбегін атап өтті.



Біздің серіктес: Sport12kz