2 сағат бұрын
Швёнтек Рыбакинаға қарсы Цинциннати турнирінің ширек финалында ойнауы мүмкін
Әлемнің бесінші ракеткасы, польшалық теннисші Ига Швёнтек АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің төртінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Польшалық спортшы бұл кезеңде әлемдік рейтингте 66-орында тұрған франциялық Диана Парриге қарсы ойнады. Кездесуде фаворит саналған Швёнтек өз мәртебесін дәлелдеп, қарсыласын екі сетте — 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 28 минутқа созылды.
Осы жеңістен кейін Швёнтек турнирдің ширек финалына жолдама алды. Оның келесі қарсыласы әлемнің екінші ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина мен рейтингте 14-орында тұрған ресейлік Диана Шнайдер арасындағы матчтан кейін анықталады.
Рыбакина мен Шнайдердің кездесуі кейінірек өтеді.
Цинциннати турнирінің жалпы жүлде қоры 7 433 076 долларды құрайды. Чемпион 1 086 220 доллар және 1000 рейтингтік ұпай, ал финалист 564 920 доллар және 650 ұпай алады.
Біздің серіктес: Sport12kz