7 сағат бұрын
WTT Feeder Berlin: Қазақстандық үстел теннисшілерінің қарсыластары анықталды
19-23 тамыз аралығында Германия астанасы Берлинде үстел теннисінен WTT Feeder Berlin халықаралық турнирі өтеді.
Биылғы бәсекеге әлемнің 20 елінен спортшылар қатысады. Қазақстан намысын Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов, Санжар Жұбанов және Жанерке Қошқұмбаева қорғайды.
Жарыс алдында қазақстандық спортшылардың топтық кезеңдегі қарсыластары анықталды.
Санжар Жұбанов топтық кезеңде Иран өкілі Амирмахди Кешаварзимен және Финляндия спортшысы Алекси Рясяненмен кездеседі.
Айдос Кенжеғұловтың қарсыластары – Қытай Тайбэйінің өкілі Ценг Цзы-Ю мен Конго спортшысы Кристиан Нгелека.
Ал Жанерке Қошқұмбаева Румыниялық Иоана Сингеорзан, сондай-ақ Польшаның екі өкілі Александра Михалак пен Зузанна Павелецке қарсы ойнайды.
Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Алан Құрманғалиев жарысты бірден 1/16 финалдан бастайды.
Айта кетейік, WTT Feeder Berlin турнирі 23 тамызға дейін жалғасады.
Біздің серіктес: Sport12kz