6 сағат бұрын
Қазақстанда алғаш рет дзюдодан халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтті
Алматы қаласынан 19 шақырым жерде орналасқан Олимпиада даярлау орталығында дзюдодан халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтті. Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылған жиынға әлемнің 30 елінен 700-ден астам спортшы қатысты.
Жиынға Олимпиада чемпиондары мен әлем чемпиондары да қатысып, қазақстандық дзюдошылармен бірге дайындық жұмыстарын жүргізді. Бұл ұлттық құрама спортшыларына шетелге шықпай-ақ әлемнің мықты балуандарымен бірге жаттығып, тәжірибе жинауға мүмкіндік берді.
Олимпиада даярлау орталығы 40 гектар аумақты алып жатыр. Оның құрамында тоғыз спорт нысаны бар. Орталықта Олимпиада бағдарламасына енген 23 спорт түрі бойынша бір мезетте 2300-ге дейін спортшы жаттыға алады.
Айта кетейік, дзюдодан мұндай халықаралық жиын Қазақстанда алғаш рет өтіп отыр.
Біздің серіктес: Sport12kz