5 сағат бұрын
«Ордабасы» камбэк жасап, Қазақстан кубогының алғашқы финалисі атанды
Шымкенттік «Ордабасы» Қазақстан кубогының финалына жолдама алды. Жартылай финалдың қарымта кездесуінде шымкенттік клуб сырт алаңда Өскеменнің «Алтайын» 2:1 есебімен жеңіп, екі матчтың қорытындысы бойынша 5:2 есебімен келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Голдармен басталған матч
Алаң иелері кездесуді белсенді бастап, 4-минутта есеп ашты. Дарко Додев мүмкіндігін сәтті пайдаланып, «Алтайды» алға шығарды.
Алайда өскемендіктердің қуанышы ұзаққа созылмады. 11-минутта Бьорн Йонсен «Ордабасы» сапында жауап голын соғып, есепті теңестірді.
Бірінші тайм аяқталмай жатып, шымкенттік команда есепте алға шықты. 28-минутта Жасұлан Әмір «Алтай» қақпасын дәл көздеп, есепті 2:1-ге жеткізді.
«Ордабасы» басымдығын сақтап қалды
Екінші таймда командалар бұдан әрі гол соға алмады. «Алтай» есепті теңестіруге тырысқанымен, «Ордабасы» қорғаныста сенімді ойнап, жеңісті есепті сақтап қалды.
Осылайша шымкенттік клуб қарымта кездесуде де жеңіске жетті. Екі матчтың қорытындысы бойынша есеп 5:2 болды.
Еске салайық, алғашқы жартылай финалдық кездесуде «Ордабасы» өз алаңында «Алтайды 3:1 есебімен жеңген еді.
Финалда «Жеңіс» немесе «Қайсармен» кездеседі
«Ордабасы» Қазақстан кубогының 2026 жылғы алғашқы финалисі атанды.
Шымкенттік клубтың финалдағы қарсыласы «Жеңіс» пен «Қайсар» арасындағы екінші жартылай финалдық матчтан кейін анықталады.
Біздің серіктес: Sport12kz