Матч орталығы
Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Барселона Барселона 2:1 54 Аль-Ахли Аль-Ахли Чемпиондар лигасы Футбол НЕК НЕК 0:0 23 Буде Глимт Буде Глимт Чемпиондар лигасы Футбол Селтик Селтик 0:0 23 ЛАСК ЛАСК Чемпиондар лигасы Футбол Хапоэль Хапоэль 0:1 23 Сабах Сабах Чемпиондар лигасы Футбол Слован Слован 1:0 23 Целе Целе Ла Лига Футбол Атлетико Атлетико 0:0 15 Малага Малага Еуропа лигасы Футбол Қайрат Қайрат 20:00 Бүгін Андерлехт Андерлехт Еуропа лигасы Футбол Мьельбю Мьельбю 21:00 Бүгін Зальцбург Зальцбург Конференциялар лигасы Футбол Интер Интер 21:00 Бүгін Копенгаген Копенгаген Еуропа лигасы Футбол Эгнатия Эгнатия 22:00 Бүгін Лиллестрем Лиллестрем Еуропа лигасы Футбол Трабзонспор Трабзонспор 22:00 Бүгін Ференцварош Ференцварош Конференциялар лигасы Футбол Клаксвик Клаксвик 22:00 Бүгін Рига Рига Конференциялар лигасы Футбол Нордшелланд Нордшелланд 22:00 Бүгін Санкт Галлен Санкт Галлен Конференциялар лигасы Футбол Тромсе Тромсе 22:00 Бүгін Брайтон Брайтон Конференциялар лигасы Футбол Мидтьюлланд Мидтьюлланд 22:00 Бүгін Риека Риека Еуропа лигасы Футбол Бешикташ Бешикташ 22:00 Бүгін Кауно Кауно Еуропа лигасы Футбол Крайова Крайова 22:00 Бүгін Арарат Арарат Еуропа лигасы Футбол Лех Лех 22:00 Бүгін Тун Тун Конференциялар лигасы Футбол ПАОК ПАОК 22:45 Бүгін Бранн Бранн Конференциялар лигасы Футбол Дрита Дрита 23:00 Бүгін Интер Эскальдес Интер Эскальдес

3 сағат бұрын

«Қайсар» 90-минутта гол соғып, Қазақстан кубогының финалына шықты

«Қайсар» 90-минутта гол соғып, Қазақстан кубогының финалына шықты

Қазақстан кубогының екінші жартылай финалдық кездесуінде елордалық «Жеңіс» пен қызылордалық «Қайсар» арасында драмалық ойын өтті. Астаналық команда 3:2 есебімен жеңгенімен, екі матчтың қорытындысы бойынша финалға «Қайсар» жолдама алды — 5:4, деп хабарлайды Sport12.kz.

«Жеңіс» камбэк жасауға жақын болды

Еске салайық, алғашқы жартылай финалда «Қайсар» өз алаңында 3:1 есебімен жеңіске жеткен еді.

«Жеңіс» жауапты кездесуді белсенді бастап, 18-минутта есеп ашты. Гьян Мартинш мүмкіндігін мүлт жібермей, «Қайсар» қақпасын дәл көздеді.

Арада жеті минут өткенде елордалық клуб есепті еселеді. 25-минутта Андрия Филипович гол соғып, командасын камбэкке барынша жақындатты.

Алайда екі минуттан кейін «Жеңістің» жағдайы күрт қиындады. Қорғаушы Зураб Тевзадзе екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Осылайша алаң иелері матчтың қалған бөлігін бір ойыншы кем құрамда өткізуге мәжбүр болды.

«Қайсар» есепті қысқартты

Сан жағынан басым болғанына қарамастан, «Қайсар» ұзақ уақыт бойы бұл артықшылығын пайдалана алмады.

69-минутта Микеас қызылордалықтардың алғашқы голын соғып, есепті 1:2-ге жеткізді.

Дегенмен «Жеңіс» шабуылын тоқтатпады. 75-минутта Филипович дубль жасап, астаналықтардың үшінші голын соқты. Осыдан кейін есеп 3:1 болып, екі матчтың жалпы нәтижесі 4:4-ке теңесті.

Ойын қосымша уақытқа ауысатын сияқты көрінген.

90-минуттағы гол «Жеңістің» үмітін үзді

Алайда «Қайсар» соңына дейін сабыр сақтады. Негізгі уақыттың 90-минутында Рамазан Бағдат қызылордалықтардың екінші голын соқты.

Бұл гол «Жеңіс» үшін шешуші соққы болды. Астаналықтар өз алаңында 3:2 есебімен жеңіске жеткенімен, екі ойынның қорытындысы бойынша «Қайсар» 5:4 есебімен алға шықты.

Финалда — «Ордабасы»

Осылайша «Қайсар» Қазақстан кубогының екінші финалисі атанды. Қызылордалық клуб шешуші матчта шымкенттік «Ордабасыға» қарсы ойнайды.

«Ордабасы» жартылай финалда Өскеменнің «Алтайын» жарыс жолынан шығарды. Алғашқы кездесуде 3:1 есебімен жеңген шымкенттіктер қарымта матчта да 2:1 есебімен басым түсіп, екі ойынның қорытындысы бойынша 5:2 есебімен жеңіске жетті.

Енді Қазақстан кубогының финалында «Қайсар» мен «Ордабасы» чемпиондық трофей үшін таласады.


Біздің серіктес: Sport12kz