2 сағат бұрын
Рыбакина Берлиндегі турнирдегі алғашқы матчын өткізеді
18 маусым күні қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Германияның Берлин қаласында өтіп жатқан WTA турнирінің 1/8 финалында филиппиндік Александра Эаламен кездеседі.
Матч Қазақстан уақытымен сағат 20:30-да басталады. Бұл Рыбакинаның аталған турнирдегі алғашқы ойыны болмақ.
Ал Эала жарысты бірінші айналымнан бастап, хорватиялық Донна Векичті 7:5, 6:4 есебімен жеңіп шыққан.
Биылғы Берлин турнирінің жүлде қоры 1,2 миллион еуродан асады. Чемпион атанған теннисші 161 310 еуро мен WTA рейтингіндегі 500 ұпайға ие болады.
Турнирдің басты фавориті – әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко. Ал Рыбакина жарыстың екінші нөмірлі сеяны болып саналады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан