9 сағат бұрын
Жастар арасындағы АЧ: үстел теннисінен Қазақстан құрамасы анықталды
Фото: Қазақстан ҰОК
Таиландтың Бангкок қаласында өтетін үстел теннисінен жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Қазақстан Ұлттық олимпиада комитеті мәлім етті.
Құрлық біріншілігінде U19 және U15 жас санаттарында жүлделер сарапқа салынады. Төменде алдағы Азия чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылардың тізімі ұсынылған.
U19: Алан Құрманғалиев, Қадырәлі Қабдылуахитов, Нұрислам Қасым, Арнұр Оралханов, Альбина Жақсылықова, Дарья Фу, Алиса Цвигун, Дарья Гамова.
U15: Нұрдәулет Азаматұлы, Мансұр Сүйіндік, Игитали Сұлтанмұратов, Марлен Жұмағұл, Мария Лукьянова, Жәния Бекмұхамбетова, Ойдин Камилжанова, Амира Әлімгерей.
Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына дайындықтың соңғы кезеңін өткізуде. Спортшылар Астана қаласында ұйымдастырылған оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 27 маусым мен 4 шілде аралығында өтеді.
Айта кетсек, қазақстандық теннисші Түркия клубының намысын қорғайтын болды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан