05.03.2025
Бапкер Ханс-Дитер Флик «Барселонаның» мүмкіндігін бағалады
«Барселона» бас бапкері Ханс-Дитер Флик командасының Чемпиондар лигасының фавориті саналатыны жайлы сұраққа жауап берді.
«Біз әрқашан матчтан матчқа қағидасын ұстанамыз. Келесі қарсыласымыз – «Бенфика». Өзіңді фаворитпін деп санау дұрыс па, жоқ па – бұл туралы айту қажет деп ойламаймын. Біз алдағы ойынға барынша көңіл бөлуіміз керек. Дұрыс жол – осы. Кез келген матч 0:0 есебімен басталады. Чемпиондар лигасында әрдайым 100 пайыз күш-жігер жұмсау қажет», – деді Фликтің сөзін.
Бүгін, 5 наурыз күні, каталондық клуб осы турнирдің 1/8 финалында «Бенфикамен» кездеседі.
Біздің серіктес: ads_text
Қанат Байұзақов