3 сағат бұрын
Қазақстан семсерлесуден әлем кубогында топ жарды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы сапы сайысынан Касабланкада (Марокко) өтіп жатқан әлем Кубогының командалық бәсекесінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, отандастарымыз финалда Ресей құрамасын 45:40 есебімен ұтты.
Ел құрамасы жарыс барысында бес кездесуде жеңіске жетті. Алдымен 1/16 финалда Түркияны 45:20 нәтижесімен тізе бүктірсе, 1/8 финалда Гонконгтан 45:28 ұпаймен басым түсті. Ширек финалда Мысыр спортшыларын 45:40 есебімен жеңіп, жартылай финалда Франциядан (45:39) айласын асырды.
Қазақстан намысын Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов, Александр Федотов және Кирилл Павлов қорғады.
Біздің серіктес: Sport12kz