2 сағат бұрын
ӘЧ: Гана 95-минутта жеңісті жұлып әкетті
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының L тобындағы алғашқы тур матчында Гана құрамасы Панаманы 1:0 есебімен жеңді.
Торонтодағы BMO Field стадионында өткен кездесуде ұзақ уақыт бойы есеп ашылмады. Екі команда да қауіпті сәттер ұйымдастырғанымен, қақпашылар сенімді ойын көрсетті.
Матч тең аяқталуға жақын қалған сәтте Гана жеңісті жұлып әкетті. Қосымша уақыттың бесінші минутында Самюэль Иренки қарсылас қақпасын дәл көздеп, кездесудегі жалғыз голдың авторы атанды.
Осылайша, Гана үш ұпайға қол жеткізіп, Англиямен қатар L тобында көшбасшылар қатарына қосылды. Бұған дейін ағылшындар Хорватияны 4:2 есебімен жеңген болатын.
Екінші турда Гана Англиямен кездессе, Панама Хорватияға қарсы алаңға шығады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан