5 сағат бұрын
Футболдан ӘЧ-2026: Гарри Кейннің екі голы Англияға жеңіс алып келді
Фото: Championat.com
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында L тобында сынға түсіп жатқан Англия - Хорватия кездесуі аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу барысында құрамалар тартысты ойын өткізді. Бір-бірінің қақпасына көп гол соғуымен ерекшеленді. Алғашқы кезеңнің өзінде қарсыластар екі-екіден қақпаны дәл көздеді.
Ойынның 12-минутында Англия құрамасының капитаны Гарри Кейн пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Оған 36-минутта хорватиялық Мартин Батурина бір голмен жауап қайырды.
Ал 42-минутынла Гарри Кейін өзінің екінші голын соқса, 45-минутта хорватиялық Летар Муса өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.
Екінші кезеңді англиялық құрама белсенді бастады. Олардың қатарынан Джуд Беллингем соққан қайтадан Англияны алға шығарса, 85-минутта Маркус Рэшфорд қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша Англия әлем біріншілігін сәтті бастап, қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсті.
Бұл топтағы тағы бір кездесуде Қазақстан уақытымен сағат 04:00-де Гана - Панама құрамалары жасыл алаңға шығады.
Айта кетсек, бұдан бұрын K тобында Португалия - Конго ДР 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Бұл топта енді сағат 07:00-де Өзбекстан - Колумбия ойнайды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Португалия мен ДР Конго арасындағы матч тең есеппен аяқталды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан