9 сағат бұрын
Беларусь футболшысы «Каспий» сапына қосылды
Фото: «Каспий» футбол клубы
«Каспий» футбол клубы құрамын тәжірибелі жартылай қорғаушы Владислав Климовичпен толықтырды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Беларусь құрамасының ойыншысы кәсіби мансабында жоғары деңгейдегі чемпионаттарда өнер көрсетіп, мол тәжірибе жинақтаған. Енді Владислав ақтаулық клубтың намысын қорғайды.
Айта кетсек, бұдан бұрын «Каспий» футбол клубы құрамын жас әрі талантты жартылай қорғаушы Аян Байдәулетовпен толықтырды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан