9 сағат бұрын
Владислав Наумец «Ордабасыдан» кетті
Фото: «Ордабасы» футбол клубы
Келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты Владислав Наумец «Ордабасы» футбол клубынан кетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
- Владислав командамызға 2025 жылдың шілде айында қосылды. Осы уақыт ішінде жартылай қорғаушы барлық турнирде 27 матч өткізіп, 2 гол соқты және 2 нәтижелі пас авторы атанды, - деп жазылған хабарламада.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Ордабасы» қазақстандық футболшымен 2029 жылға дейін келісімшарт жасады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан