10 сағат бұрын
Сабыржан Аққалықов әлем кубогындағы жеңілісі жөнінде айтты
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан әлем кубогында бүгін, 17 маусымда Сабыржан Аққалықов (80 келі) 1/8 финалда өзбекстандық Жавохир Умматалиевтен жеңілісінен кейін пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
- Әлі де атқаратын жұмыс көп. Біз өз жолымызды жалғастырамыз. Менің жанымда ең мықты команда және Қазақстан халқының қолдауы бар. Әр жеңіс бірдей мойындала бермейді, бірақ әр сынақ бізді одан сайын шыңдай түседі. Егер бүгін бізді жеңілген деп санаса, ертең тарих бізді жеңімпаз деп атайды, - деді ол.
Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық боксшылар Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір аралығында өткен әлем кубогының бірінші кезеңінде үздік үштікте аяқтады.
Қазақстандық боксшылар беделді бәсекені үш алтын, бір күміс, үш қола медальмен аяқтады.
Ал финалдық кезең қараша айында Өзбекстанда өтеді. Дегенмен нақты күні мен жарыс өтетін қала әзірге белгіленген жоқ.
Айта кетсек, бұдан бұрын бокстан Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогінің кезекті жарыс күні мәресіне жетті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан