Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

11 сағат бұрын

Қазақстандық клубтар Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде кімдермен ойнайды

Қазақстандық клубтар Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде кімдермен ойнайды

Фото: «Астана» футбол клубы

Швейцарияның Ньон қаласында Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ережеге сәйкес еурожорығын бірден Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінен бастауға мүмкіндік алған қостанайлық «Тобыл» жарыстың бұл сатысында Литваның «Паневежис» клубымен шеберлік байқасады. Олар алғашқы ойынды 23 шілдеде сырт алаңда өткізсе, 30 шілдеде өз алаңында қарсыласын қабылдайды.

Сондай-ақ Конференция лигасын бірінші іріктеу кезеңінен бастайтын «Астана» және «Елімайдың» жарыстың келесі сатысындағы ықтимал қарсыластары нақтыланды. Екінші іріктеу кезеңіне шыққан жағдайда «Астана» клубы «Шериф» (Тирасполь, Молдова) - «Алюминий» (Словения) жұбының жеңімпазымен кездеседі. «Елімайдың» ықтимал қарсыласы - Румынияның ЧФР «Клуж» командасы.

Оған дейін алғашқы іріктеу кезеңінде елордалық ұжым Албанияның «Динамо Сити», семейлік клуб Арменияның «Алашкертімен» жасыл алаңға шығады.

Ал UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі алматылық «Қайраттың» ықтимал қарсыласы анықталды. Олар алғашқы кезеңде Черногорияның «Сутьескасын» қапы қалдырса, одан кейін Кипрдің «Омония» клубымен шеберлік байқасады.

Алматылық клуб Чемпиондар лигасында қарсыласына есе жіберіп қойса, Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде «Витебск» (Беларусь) - «Университатя Крайова» (Румыния) жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Атырау» – «Елімай» командаларының ортақ шешімімен өзара кездесуіндегі ойындардың орны ауыстырылды.




Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан