10 сағат бұрын

Қазақстан күрес федерациясы ресми логотипін жаңартты

Қазақстан күрес федерациясы ресми логотипін жаңартты

Фото: Қазақстан күрес федерациясы

Қазақстан күрес федерациясы ресми логотипін жаңартып, жоба жеңімпазына сыйақы берді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде федерациясы мәлім етті.

Бұған дейін жарияланған ашық байқау аясында федерацияға еліміздің әр өңірінен 150-ден аса эскиз келіп түсті. Ұсынылған жұмыстардың ішінен 17 жоба іріктеліп, арнайы комиссияның қарауына ұсынылды.

Федерация басшылығынан құралған комиссия барлық эскиздерді жан-жақты қарап, нәтижесінде үздік жобаны анықтады.

Осылайша, Астана қаласының тұрғыны Қайыржан Маханов байқау жеңімпазы деп танылды.

Жеңімпаз 1 000 000 теңге сыйақы жеңіп алды.

Енді бұл логотип федерацияның ресми белгісі ретінде барлық қажетті жерлерде қолданылады.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»