7 сағат бұрын

Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің жеңімпазы атанды

Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің жеңімпазы атанды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда өткен ITF W15 турнирінде жұптық сында үздік шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде Қазақстан теннис федерациясы мәлім етті.

Финалдық кездесуде Жібек ресейлік Екатерина Яшинамен бірге Александра Купарев (Германия) / Севиль Юлдашева (Өзбекстан) жұбын сенімді түрде ұтты. Есеп: 6:1, 6:4.

Айта кетейік, бұл Жібектің осымен Үндістанда қатарынан жеңіп алған үшінші титулы. Ол бұған дейінгі екі аптада да осы елде өткен турнирлерде чемпион атанған болатын.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»