05.03.2025
Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой бокста жетістікке жетуіне не кедергі болғанын айтты
Әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері, Азия вице-чемпионы Абылайхан Жүсіпов Sport+ телеарнасындағы Prime Time шоуының студиясында кәсіби мансабын жалғастыру туралы пікір білдірді.
«Кәсіби бокс мен үшін жаңа қырынан ашылды — бұл анағұрлым күрделі спорт түрі, раундтары ұзақ, жаттығулары да ауыр, сонымен қатар материалдық жағынан да біз үшін қызықтырақ. Мен әлі күнге дейін кәсіпқой бокста өзімді сынағым келеді, бұл маған өте қызық. Біз Америкада болған кезде, көптеген промоутерлер қызығушылық танытып, кездесулер өткізді, Top Rank-тің басшысы Боб Аруммен де жүздестік. Бірақ бізге онда ұзақ уақыт болу қажет еді, ал бұл қаржылық тұрғыдан өте қиын. Егер отбасымды сол жаққа алып кетіп, тұрақты тұрсақ, жақсы нәтиже көрсетуге болар еді деп ойлаймын», — деді Жүсіпов.
Абылайхан бұған дейін Suleimen Promotion құрамында болып, кәсіпқой бокста 4 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Қазіргі таңда Жүсіпов — Қазақстан ұлттық бокс құрамасының мүшесі.
Біздің серіктес: ads_text
Қанат Байұзақов