Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Қазақстан спортшылары бүгін төрт спорт түрінен сынға түседі

Қазақстан спортшылары бүгін төрт спорт түрінен сынға түседі

18 ақпанда Қазақстан құрамасы Олимпиада-2026 аясында төрт спорт түрінен бақ сынайды.

13:45-те әйелдер арасындағы шаңғы жарысынан командалық спринттің іріктеу кезеңі басталады. Ел намысын Дарья Ряжко мен Надежда Степашкина қорғайды.

14:00-де тау шаңғысынан әйелдер арасындағы слалом жарысы өтеді. Алғашқы спускте Александра Скороходова өнер көрсетсе, шешуші екінші кезең 17:30-ға жоспарланған.

Осы уақытта фристайл-акробатикадан әйелдер арасындағы іріктеу сыны басталады. Финал жолдамасына Аяна Жолдас таласады. Шешуші кезең 17:00-де өтеді.

14:15-те ерлер арасындағы шаңғы жарысынан командалық спринт іріктеуінде Наиль Башмаков пен Әмірғали Мұратбеков жарыс жолына шығады.

Түнгі 00:15-те шорт-тректен 500 метр қашықтыққа ширек финалдық жарыстар өтеді. Қазақстан атынан Абзал Ажгалиев пен Денис Никиша сынға түседі.

Жарыстардың тікелей көрсетілім «Qazsport», «Хабар», «Qazaqstan» және «Jibek Joly» телеарналарында ұйымдастырылады.

Айта кетейік, Милан мен Кортина-д’Ампеццода өтіп жатқан Олимпиада-2026 22 ақпанға дейін жалғасады. Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында бір алтын медаль бар — оны мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров жеңіп алған.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»