20 сағат бұрын
Фристайл акробатикадан Аяна Жолдас жарысқа қашан шығады?
2026 жылғы Италиядағы Олимпиада ойындарында фристайл мен сноуборд жарыстары ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Сейсенбі күні ерлер мен әйелдер арасындағы фристайл іріктеу жарыстары және әйелдер арасындағы сноуборд слоупстайл финалы жоспарланған еді.
Фристайл жарыстары Астана уақытымен сағат 17:15-де басталуы тиіс болған.
Ұйымдастырушылар әлі жарыстардың нақты қашан басталатынын хабарлаған жоқ.
Италиядағы Олимпиада ойындары 22 ақпанда аяқталады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов