21 сағат бұрын
Милан Олимпиадасында алғаш рет анасы мен баласы жарысқа қатысты
Мексикалық тау шаңғышысы Сара Шлепер мен оның ұлы Лассе Гасиола 2026 жылы Италияда өткен Олимпиада ойындарына қатысты, деп хабарлайды Sport12.kz
Анасы мен ұлы бір Қысқы Олимпиада ойындарында алғаш рет бірге өнер көрсетті.
46 жастағы Шлепер супергигантта 26-орын алды. Сондай-ақ алып слалом жарысы барысында мәреге жете алмады.
Гасиола - Олимпиада ойындарының дебютанты. 18 жастағы спортшы алып слаломда 53-орынға ие болып, 2026 жылғы ойындардағы слаломда мәреге жете алмады.
Милан мен Кортина-д’Ампеццода өтіп жатқан Олимпиада ойындары 22 ақпанда аяқталады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов