Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

22 сағат бұрын

Фристайл-акробатшыларымыздың жарыс кестесі өзгерді

Фристайл-акробатшыларымыздың жарыс кестесі өзгерді

Италиядағы Ливиньо тау шаңғы курортында қалың қарға байланысты XXV қысқы олимпия ойындарындағы фристайл-акробатика жарысының іріктеу уақыты өзгеріп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz

Бізге жеткен соңғы ақпаратқа сәйкес әйелдер арасындағы іріктеу Астана уақытымен сағат 17:00-ге ауысты (Ауа райына байланысты тағы өзгеруі мүмкін). Мұнда Азия ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері Аяна Жолдас сынға түсуі керек.

Ал ерлер арасындағы алғашқы іріктеу ертеңге шегерілді. Мұнда жүлдеге жастар арасындағы әлем чемпионы Дінмұхаммед Райымқұл, Азия ойындарының жеңімпазы Роман Иванов, Шерзод Хаширбаев және ең жас отандасымыз Асан Асылхан бар.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»