22 сағат бұрын
Грузия мемлекеті Милан Олимпиадасында тарихи жүлдесін алды
Анастасия Метелкина мен Лука Берулава жұптық мәнерлеп сырғанаудан Қысқы Олимпиада ойындарында екінші орын алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бірінші орынды Жапония жұбы, ал үшінші орынды Германия жұбы иеленді.
Метелкина мен Берулаваның медалі - Грузия тарихындағы Қысқы Олимпиада ойындарындағы алғашқы медаль.
Анастасия Метелкина мен Лука Берулава 2023 жылдан бері бірге өнер көрсетіп келеді. Лука Берулава Мәскеуде дүниеге келген. Алайда халықаралық жарыстарда әрдайым Грузия атынан өнер көрсеткен. Анастасия Метелкина 2020 жылдан бастап Грузия атынан жарыстарға қатысады. Жұп Павел Слюсаренконың жетекшілігімен Пермь қаласында жаттығады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов