Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

23 сағат бұрын

Шаңғы қоссайысынан Шыңғыс Рақпаров үлкен тұғырдан секірді

Шаңғы қоссайысынан Шыңғыс Рақпаров үлкен тұғырдан секірді

Италияның Валь-ди-Фьемме өңіріндегі «Предаццо» стадионында Милан-Кортина Олимпиадасында шаңғы қоссайысынан ерлер арасындағы кезекті жүлде жиынтығы сарапқа салынып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ұлттық құрама спортшысы Шыңғыс Рақпаров үлкен тұғырдан (HS130+) секіруде 108 метрмен 88.4 ұпай жинап, 35-ші сатыға тұрақтады. Енді осы ұпай айырмашылығы Гундерсен әдісі арқылы уақытқа айналады. Сосын алған орнына қарай спортшылар шаңғымен еркін стильде 10 шақырымға жарысады. Мәреге бірінші жеткен шаңғышы жеңімпаз атанады. Шаңғы жарысы бүгін Астана уақытымен сағат 17.45-те басталады. Отандасымыз көшбасшыдан 4 минут, 6 секундтан кейін жарыс жолына шығады.

Айта кетейік, бұл Шыңғыстың карьерасындағы екінші Олимпиада. Ол 4 жыл бұрын Бейжіңде спорттың осы түрінен ақ ойындарға жолдама алған тұңғыш отандасымыз аттанған.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»