23 сағат бұрын
Петр Гуменник: Михаил Шайдоровтың еңбекқорлығына таңғалдым
Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, Милан Олимпиадасында 6-орынға тұрақтаған Петр Гуменник отандасымыз жайлы пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz
"Сочидегі оқу-жаттығу кезінде сағат 8-де әрең оянып, жылынуға шығып едім. Сол кезде Михаилдің мұз айдынында біраз уақыттан бері жаттыққанына куә болдым. Мен үшін оның ерте тұрып, жаттығуға кірісіп кететіні таңғаларлық еді. Оның жеңісі, әрине, таңғалдырды. Мен де, көпшілік сияқты, Ильяның жеңетініне күмәнданбадым. Ал Миша бастапқыдан-ақ күміс немесе қола медальға үміткерлердің бірі еді. Осындай жағдайда ол бағдарламасын таза орындап, өз мүмкіндігін сәтті пайдаланды", - деді Петр Гуменник.
Айта кетейік, Михаил Шайдоров Милан Олимпиадасында үлкен сенсацияның авторы атанып, 32 жылдан кейін Қазақстан қоржынына алтын медальді салған болатын.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов