Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Тоқтар: «Мен ешкімнен қашып жүрген жоқпын»

Тоқтар: «Мен ешкімнен қашып жүрген жоқпын»

Қазақстандық ММА жауынгері Еркебұлан Тоқтар қырғызстандық Марсель Нұрланбекұлына қарсы реванштан бас тартты деген ақпаратты жоққа шығарып, болашақ жоспарларымен бөлісті.

Спортшының айтуынша, реванш туралы ешқандай нақты ұсыныс түспеген және оның қарсыластан «қашып жүр» деген әңгімелер шындыққа жанаспайды.

— Бұл — жалған ақпарат. Маған реванш туралы ұсыныс болған жоқ. Реванш керісінше маған керек. Қазір Марсель сол жекпе-жектен кейінгі эмоциямен жүр. Уақыт өте бәрі басылады, сонда үлкен жекпе-жек қажет болады, — деді Тоқтар.

Сондай-ақ ол болашақта реванштың міндетті түрде өтетініне сенімді екенін жеткізді. Жауынгер алдағы уақытта ММА, бокс немесе жалаңқол жекпе-жек форматында бірнеше ірі кездесулер жоспарланып отырғанын айтты.

Еске салайық, 27 наурызда Арменияның Ереван қаласында өткен Hype FC турнирінде Еркебұлан Тоқтар Марсель Нұрланбекұлына төрешілердің бірауызды шешімімен есе жіберген болатын. Бұл жекпе-жек қазақстандық файтердің үш жылға созылған жеті жеңістік сериясын тоқтатты.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан