2 сағат бұрын
Әліби Идрис UFC-дегі дебютін қай уақытта өткізеді?
Қазақстандық ММА шебері Әліби Идрис (10-1) UFC-дегі алғашқы ресми айқасын 22 ақпанда өткізеді.
Ол UFC Fight Night 267 турнирінде (Хьюстон, АҚШ) америкалық Оди Осборнға (13-9) қарсы октагонға шығады. Жекпе-жек шамамен сағат 05:00-де (Қазақстан уақытымен) басталады.
Еске салайық, өткен жылдың тамызында ол UFC турнирінде келісімшарт үшін айқасып, америкалық Джозеф Моралеске екінші раундта сабмишн әдісімен есе жіберген еді. Соған қарамастан, қазақстандық файтер кейін промоушенмен төрт жекпе-жекке келісімшартқа қол қойды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»