Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы халықаралық турнирде топ жарған әскери қызметшіні құттықтады

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы халықаралық турнирде топ жарған әскери қызметшіні құттықтады

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков «Burkit TEAM» әскери қызметшісі, аға лейтенант Әйгерім Төреханованы Қостанай қаласында өткен Naiza 81 аралас жекпе-жек турниріндегі сенімді жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Турнир аясында аса жеңіл салмақта өткен жекпе-жекте Ұлттық ұланның «Burkit TEAM» спорт командасының өкілі қытайлық спортшы Гүлсайран Азатты айқын басымдықпен жеңді. Бұл кездесу Әйгерім Төреханова үшін кәсіби мансабындағы маңызды белес болды.

Жекпе-жекке дейін спортшының ММА бойынша көрсеткіші 4 жеңіс пен 3 жеңілістен тұрған. Ал оның қарсыласы үшін бұл кәсіби мансаптағы екінші кездесу еді. Соған қарамастан, қазақстандық спортшы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, қарсыласынан басым түсті.

Бас қолбасшы өз құттықтауында спортшыға алдағы уақытта да жарқын жеңістер тілеп, оның табысы үлгілі тәртіптің, қайсар рух пен табандылықтың айқын нәтижесі екенін атап өтті. Сондай-ақ ол әскери қызметшілердің халықаралық аренадағы жетістіктері Ұлттық ұланның беделін арттыра түсетінін жеткізді.

Айта кетейік, Ұлттық ұланда спортты дамытуға және жеке құрамның жауынгерлік даярлығын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Дене төзімділігі, психологиялық тұрақтылық пен бәсекеге қабілеттілік — жауынгерлік қызметтің маңызды құрамдас бөлігі. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс құқықтық тәртіп әскерлерінің оң имиджін қалыптастыруға және кәсіби деңгейін нығайтуға ықпал етеді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»