Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

Асу Алмабаевке қатысты жағымды болжам жасалды

Асу Алмабаевке қатысты жағымды болжам жасалды

ММА саласындағы танымал инсайдер, Eurosport Nederland журналисі және Tapology.com редакторы Марсель Дорфф қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың UFC-дегі болашағы туралы пікір білдірді.

Маманның айтуынша, Алмабаев үшін дивизионда нұсқалар жеткілікті.

— Дивизионда қарсыластар көп. Меніңше, Алмабаев оралған соң бұрын кездеспеген файтерлермен жекпе-жек өткізеді. Сондықтан бәрі жақсы болады деп ойлаймын, — деді Дорфф.

Айта кетейік, Асу Алмабаев 1 наурыз күні Мехикода өтетін UFC Fight Night 268 турнирінде Брэндон Мореномен басты жекпе-жекте кездесуі тиіс еді.

Қазіргі таңда Алмабаев UFC-дің ең жеңіл салмақ дәрежесінде рейтингте жетінші орында тұр. Мореноны жеңген жағдайда ол чемпиондық жекпе-жекке бір қадам жақындай түсуі мүмкін еді.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»