06.02.2025
Қамшыбек Қоңқабаев қызметке тағайындалуы мүмкін
Бокстан Олимпиада ойындарының жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев жаңа қызметке тағайындалады. Бұл туралы Қызылорда облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтия Артаев өңірлік коммуникациялар қызметінде мәлімдеді.
Өңірде боксты дамытуға барынша бет бұрамыз. Өздеріңіз белгілі, жуырда 81 келі салмақ дәрежесінде Азамат Бектас ел чемпионы атанды. Бұл жетістікті одан әрі жандандыруымыз қажет. “Тарлан” бокс кешенін мемлекеттің балансына алуды жоспарлаудамыз. Егерде бұл жұмысымыз ойдағыдай аяқталса, Сыр өңірінің мақтанышы Қамшыбек Қоңқабаевты жұмысқа қабылдап, жұмысты одан әрі жандандырамыз. Сонымен қатар, Тұрсынбай Құлахмет секілді жас мамандарды да шәкірт тәрбиелеу жұмысына тартып жатырмыз, - деді басқарма басшысы.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов