4 күн бұрын
Хоккейден ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы бүгін Оңтүстік Кореямен ойнайды
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы
Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты IB дивизионындағы төртінші ойынын Оңтүстік Кореяға қарсы өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл кездесу Қазақстан уақытымен 19:30-ға белгіленген.
Отандастарымыз 12-18 сәуір аралығында Испанияда өтіп жатқан турнирде Латвия, Нидерланд, Испания, Оңтүстік Корея және Ұлыбританиямен шеберлік байқасады.
Екі құрама қазірге дейін тоғыз мәрте кездесті. Оның 6-уы қазақстандық хоккейшілердің басымдығымен аяқталса, қалғанында қарсыластарының мерейі үстем болды.
Алғашқы үш турда қазақстандық хоккейшілер Латвияға буллитен 2:3, Нидерландқа 0:3 есебімен жеңілсе, Испанияны 3:2 есебімен қапы қалдырды.
Ал Оңтүстік Корея қазірге дейін Ұлыбританияға 2:3, Нидерландқа 0:3 есебімен есе жіберсе, Латвияны 7:6 есебімен тізе бүктірді.
Турнир кестесінде Қазақстан құрамасы 4 ұпаймен бесінші орында тұрса, дәл сондай ұпай жинаған Оңтүстік Корея төртінші орынға табан тіреді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан