20.02.2025
«Реал Мадридте» Карло Анчелоттидің орнын кім басады?
Фото: sports.yahoo.com
Ағылшынның Mail Sport басылымы «Реал Мадрид» бас бапкері Карло Анчелотти қызметінен кеткен жағдайда оны алмастыруға Хаби Алонсо мен Андони Ираоланы басты үміткер ретінде қарастырып отырғанын хабарлады.
Италиялық маманның қазіргі келісімшарты 2026 жылға дейін жарамды. Сондықтан оның болашағы әзірге белгісіз. Бұдан бұрын Анчелотти Бразилия құрамасын жаттықтыруы мүмкін деген ақпарат тараған еді.
Қазіргі таңда Хаби Алонсо Германияның «Байер» клубында бас бапкер қызметін атқарып, тамаша нәтиже көрсетіп келеді. Ал Андони Ираола Англияның «Борнмут» командасын жаттықтыруда. Егер Анчелотти кететін болса, олардың бірі «Реалдың» жаңа бапкері атануы мүмкін.
Райан ТҰРСЫНБЕК
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»