19.02.2025

Абдукодир Хусанов «Реал Мадридпен» кездесуге жеке ұшақпен ұшып барды

Абдукодир Хусанов «Реал Мадридпен» кездесуге жеке ұшақпен ұшып барды

Фото: smi24.kz

 «Манчестер Сити» командасының өзбекстандық жаңа футболшысы Абдукодир Хусанов Чемпиондар лигасындағы испаниялық «Реал Мадридке» қарсы кездесуге әріптестерінен бөлек жеке ұшақпен ұшып барды. 

El Chiringuito TV хабарлауынша, оған басты себеп -өзбекстандық ойыншының азаматтығы. Оған Ұлыбританиядан Испанияға тікелей бару үшін рұқсат алуда қиындық туындаған. Сондықтан ол құжаттарын Грекия арқылы дайындауға мәжбүр болды. Осыған байланысты оның «Реал Мадридпен» кездесуге Афины арқылы келуге тура келді. Ағылшындық клуб қонақ үйге таңертең жеткен еді.

Айта кетсек, екі команда арасындағы Манчестерде өткен алғашқы кездесуде «Реал Мадрид» 3:2 есебімен жеңіске жетті. Қарымта ойына бүгін, 19 ақпанда Мадрид қаласында өтеді.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»