19.02.2025

Ақтөбеде әкімдік теннисші Аружан Сағындықовадан кешірім сұрады

Ақтөбеде әкімдік теннисші Аружан Сағындықовадан кешірім сұрады

Фото: olympic.kz

Белгісіз біреулер Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасын бұзған. Кейбір тұлғалардың жеке парақшаларына хабарламалар жіберілген. 

Бұл жөнінде Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімдігі ресми мәлімдеме жасады. 

- Құрметті Астана ауданының тұрғындары! Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасын белгісіз біреулер бұзған. Астана ауданы әкімдігінің парақшасы арқылы кейбір тұлғалардың жеке парақшаларына хабарламалар жіберілген. Оның ішінде теннисші Аружан Сағындықованың аккаунтына да бар.
Аудан әкімдігі Аружан Сағындықовадан және басқалардан қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Біз осындай жағдайлардың алдын алу үшін шаралар қабылдайтын боламыз, - деп жазылған хабарламада.

Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»