2 күн бұрын
«Атырау» бапкерлік штабты сақтап қалды
«Атырау» футбол клубы жаңа иелер келгеннен кейін де бас бапкер Владимир Чебурин бастаған бапкерлік штабпен жұмысты жалғастыратын болды.
Клубтың бас директоры Айбек Тілеужанның айтуынша, алғашқы бес турдағы нәтижелер қанағаттанарлық: команда турнир кестесінің орта тұсында орналасып, әлі жеңіліссіз келеді. Сондықтан клуб басшылығы бапкерлер штабына толық қолдау білдіріп отыр.
— Бапкерлік штабтың жұмысына және ойыншыларға толық сенім артамыз. Алдағы уақытта олармен кездесіп, бірлескен жұмыс мәселелерін талқылаймыз. Біздің тарапымыздан тек қолдау болады, — деді ол.
Айта кетейік, ҚПЛ-2026-ның бес турында «Атырау» 7 ұпай жинап, 8-орында тұр. Клуб жақында ресми түрде жекешелендіріліп, жаңа иелердің қолына өтті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан