7 сағат бұрын
Айбар Абдулла «Атырау» сапына ауысты
Фото: «Атырау» футбол клубы
Қазақстандық жартылай қорғаушысы Айбар Абдулла «Атырау» командасы сапын толықтырды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Айбар Абдулла – «Қайрат» футбол академиясының түлегі. Өткен маусымда жартылай қорғаушы «Ақтөбе» сапында 7 матч өткізіп, чемпионаттың екінші жартысын «Тұранда» ойнады. Түркістандық клубта ол 6 кездесуге қатысты.
Одан бөлек, Айбар Қазақстанның жастар құрамасына шақыртылып, 9 ойында 3 гол соқты.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»