9 сағат бұрын
Кирилл Альшевский: «Бұдан да жақсы ойын көрсете аламыз»
Фото: «Ертіс» футбол клубы
«Ертіс» футбол клубының бас бапкері «Алтайға» қарсы жеңісті матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында ойын туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
- Біз бұдан да жақсы ойнай аламыз және соны көрсетуге міндеттіміз. Алаңда бұны дәлелдеу үшін бар күшімізді саламыз. Ең алдымен павлодарлық жанкүйерлерді көптен күткен жеңіспен құттықтаймын - бұл ең маңыздысы. Жеңіс командаға сенімділік беріп, келесі ойындарға дайындалу әлдеқайда жеңілірек, - деді ол.
Айта кетсек, павлордалық «Ертіс» өз аалңында Өскеменнің «Алтай» клубын 1:0 есебімен жеңді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»