Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Қазақстан құрамасының экс-футболшысы басшылық қызметке тағайындалды

Қазақстан құрамасының экс-футболшысы басшылық қызметке тағайындалды

35 жастағы бұрынғы футболшы Мардан Төлебек Түркістан облысындағы Арыс футбол клубы президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды.

Қаржылық қиындықтарға байланысты жабылу қаупіне ұшыраған клубты бұған дейін блогер Арман Пірманов сатып алған болатын. Өткен маусым қорытындысы бойынша «Арыс» Бірінші лигада 28 матч өткізіп, 10 ұпай жинап, турнир кестесінде 15-орын алды.

Мардан Төлебек футболшы ретінде ең алдымен Ордабасы клубындағы өнерімен танымал. Ол 2010-2020 жылдар аралығында (жалға берілген кезеңді есептемегенде) осы команда сапында ойнады. Кәсіби мансабын дәл «Арыс» клубында 2025 жылдың басында аяқтады.

Сондай-ақ ол Қазақстанның жасөспірімдер құрамасында өнер көрсетіп, Юрий Красножан баптаған кезеңде ұлттық құрамаға шақырту алған, алайда ресми матчта дебют жасай алмады.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»