3 сағат бұрын
Нұралы Жақсылық Еуропадан бас тартып, ҚПЛ-ді таңдады
Қазақстан жастар құрамасының және елордалық Астана клубының футболшысы Ншралы Жақсылық мансабын Көкшетаудың Оқжетпес сапында жалғастырады , деп хабарлайды AmanVIBE.
21 жастағы жартылай қорғаушы алдағы маусымды Қазақстан Премьер-лигасында өткізіп, «Астанадан» жалға беріледі.
Өткен маусымда Жақсылық Премьер-лигада 15 матч өткізіп, үш гол соқты. Қазақстан жастар құрамасы сапында сегіз ойынға қатысқанымен, нәтижелі әрекет жасай алмады.
Бұған дейін ойыншыға Косово чемпионы — Балкани қызығушылық танытқаны хабарланған еді. Алайда соңғы мәліметтерге сәйкес, қазақстандық футболшы Еуропаға кетудің орнына ҚПЛ-де қалуды жөн көрді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»