Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

19 сағат бұрын

Ресми: Драган Стойсавлевич — «Алтай» ойыншысы

Ресми: Драган Стойсавлевич — «Алтай» ойыншысы

Фото: «Алтай» футбол клубы

Өскемендік «Алтай» серб шабуылшысы Драган Стойсавлевичпен ресми келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport12.kz.

«Вождовац» (Вождовац) футбол клубы академиясының түлегі Драган Стоисавлевич кәсіби мансабын «Вождовац» клубында бастап, 2019-2023 жылдары Сербия чемпионатында өнер көрсетті. 2022/23 маусымында жалға «Раднички Белград» командасында ойнады. Кейін «ОФК Белград» сапына қосылып (2023-2025), 2024 жылы жалға «Земун» клубында тәжірибе жинады. 

Ал былтыр Черногория чемпионатында «ОФК Петровац» командасының намысын қорғады.

2025 жыл Өскеменнің «Алтай-Өскемен» футбол клубы үшін нағыз серпіліс жылы болды. Команда маусым барысында барлық фавориттерді жолынан қағып, өз тарихында алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасына жолдама алды.

Қаланы дамыту жоспары да футболмен тығыз байланысты. Өскемен қаласының әкімі алдағы уақытта заманауи жабық стадион салынатынын мәлімдеді. Бұл бастама өңірдегі футбол инфрақұрылымын түбегейлі жаңартып, клубтың болашағына үлкен серпін бермек.

Осылайша, «Алтай-Өскемен» тек КПЛ-ға жолдама алып қана қоймай, алдағы жылдарға да үлкен мақсаттар қойып отыр.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»