1 күн бұрын
Аймбетовтің Еуропадағы болашағына баға берілді
Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Павел Евтеев қазақстандық шабуылшы Абат Аймбетовтің Румыния чемпионатында сәтті өнер көрсету мүмкіндігін жоғары бағалады.
— Менің ойымша, Абат бұл деңгейде өзін жақсы қырынан көрсете алады. Аймбетов Ресей мен Түркия чемпионаттарында ойнады, Қазақстан құрамасы сапында халықаралық кездесулерде табысты өнер көрсетті. Көптеген мықты еуропалық командаларға қарсы ойнаған. Тәжірибесі жеткілікті. Көп нәрсе оның өз қалауына байланысты. Ол гол соға бастайды деп сенемін, — деді маман.
Еске салайық, қазақстандық футболшы Румынияның Плоешти қаласындағы «Петролул» клубымен маусым соңына дейін келісімшартқа қол қойды. Келісімде оны ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»