20.02.2025
Денис Евсеев Челленджер турнирін жеңіспен бастады
Фото: Андрей Ударцев/Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Ұлыбританияның Глазго қаласында өтіп жатқан Челленджер турнирінің екінші айналымына сүрінбей өтті.
Жарыстың 1/16 финалында Денис Евсеев (АТР: 262) жергілікті теннисші Харри Венделкенді (АТР: 649) тізе бүктірді.
Қос теннисші кортта 1 сағат 30 минут уақыт өткізді. Нәтижесінде отандасымыз 2:0 (7:5; 6:3) есебімен қарсыласынан басым түсті.
Енді Евсеев келесі кезеңде оңтүстік африкалық Филип Хеннингпен (АТР: 331) ширек финал жолдамасын сарапқа салады. Аталған матч ертең, 20 ақпан сағат 17:30-ға жоспарланған.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Азамат Бақи