20.02.2025
Юлия Путинцева Дубайдағы турнирдің үшінші айналымына шықты
Фото: Fred Lee/Getty Images
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Жұптық сында чехиялық Линда Носковамен бірге бақ сынаған отандасымыз жарыстың 1/8 финалында Габриэла Добровски (Канада)/Эрин Рутлифф (Жаңа Зеландия) жұбын тізе бүктірді.
Кездесу 1 сағат 23 минутқа созылды. Нәтижесінде Путинцева бастаған ұжым 2:1 (4:6; 6:3; 10:2) есебімен жеңіске жетті.
Енді Юлия мен Линда ширек финалда қытайлық спортшылардан құралған Сюй Ифань/Ян Чжаосюань жұбына қарсы матч өткізеді. Аталған матч ертең, 20 ақпан сағат 19:30-ға жоспарланған.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 3 654 963 долларды құрайды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Азамат Бақи