19.02.2025
Карло Анчелотти: Гвардиолаға қарсы ойнаудан шаршадым
«Реал» клубының бас бапкері Карло Анчелотти Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі жауапты матчтың алдында «Манчестер Ситидің» жаттықтырушысы Хосеп Гвардиолаға туралы пікір білдірді.
«Гвардиоланы қарсылас ретінде көре беруден шаршадым. Оны әлі де керемет бапкер деп санаймын. Бірақ оған қарсы ойнау мені жалықтырды.
Бұл Анчелотти мен Гвардиоланың арасындағы матч емес, бұл – «Реал» мен «Ситидің» кездесуі. Екі команда да мықты ойыншыларға толы. Біз бұл ойынның қиын әрі қызықты болатынын білеміз», - деп келтіреді Анчелотти.
Айта кетейік, мадридтік клуб плей-офф кезеңінде «Манчестер Ситимен» қатарынан төртінші рет кездесіп отыр.
- 2020 жылы «Манчестер Сити» 1/8 финалда «Реалды» қос матчтың қорытындысы бойынша (4:2) жеңді.
- 2022 жылы командалар жартылай финалда кездесіп, «Реал» (6:5) жалпы есепте басым түсті.
- 2023 жылы дәл сол кезеңде «Манчестер Сити» (5:1) жеңіске жетті.
- 2024 жылы ширек финалда «Реал» пенальти сериясында (3:3 – бірінші матч, 1:1 – екінші матч, 5:4 пенальти) жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов