9 сағат бұрын

Азия чемпионатында Ұлжан Сәрсенбек ширек финалдан аса алмады

Азия чемпионатында Ұлжан Сәрсенбек ширек финалдан аса алмады

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында ел құрамасынан 5 сәуірде Ұлжан Сәрсенбек (57 келі) жарысты аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Отандасымыз ширек финалда таиландтық Пунрауе Руенроспен шеберлік байқасты.

Ұлжанның қарсыласы оңай болған жоқ. Таиландтық боксшы әлем чемпионатының бірнеше мәрте жүлдегері болды. Сондай-ақ 2024 жылы Азия чемпионатының жартылай финалында Таиланд спортшысы Ұлжаннан басым түскен еді.

Жекпе-жек барысында отандасымыз ширақ қимылдауға көңіл бөлді. Дегенмен қарсыласы да өз мүмкіндігін мүлт жібермеуге тырысты.

Нәтижесінде Ұлжан қарсыласына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Әйгерім Сәттібаева (48 келі) әлем чемпионатының 2 мәрте қола жүлдегері, өзбекстандық Сабина Бобокулованы жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

https://kaz.inform.kz/news/aygerm-sattbaeva-aziya-chempionatinin-zhartilay-finalina-shikti-b15cf4/

Қазақстандық тағы үш боксшы Қазақстан уақытымен 14:00-де басталатын кешкі сессияда сынға түседі. Алдымен 4-жұпта Сабыржан Аққалықов (75 келі) жапониялық Тайга Ягимен шаршы алаңға шықса, 7-жұпта Ерасыл Жақпеков (80 келі) өзбекстандық әлем чемпионы Фазлиддин Еркинбоев, 11-жұпта Сағындық Тоғамбай (90 келі) қытайлық Хуежен Ханмен қолғап түйістіреді.

Айта кетсек, 4 сәуірде құрлықтық додада Айбек Оралбай (90 келіден жоғары), Валентина Хальзова (75 келі), Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Оразбек Асылқұлов (60 келі) жартылай финалға жолдама алса, Санжар Ташкенбай (50 келі), Лаура Есенкелді (65 келі) жарыс жолын аяқтады


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»